«Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Ер төстік» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2010 жылы 01 маусымда пайдалануға берілген. Жобалық қуаттылығы 140 орын. Бөбекжай-бақша меңгерушісі Абуова Сагыныш Умирсериковна жоғары білімді, білікті басшы. Бөбекжай-бақша Әбу Насыр Әл-Фараби шағын ауданы, Әбу Насыр Әл-Фараби көшесі №224 құрылыста орналасқан. Бөбекжай-бақшада тәрбиеленушілер 8 топта «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» 2020 жылғы 24 қараша №412, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығымен бекітілген. Стандарт талаптарына сәйкес жұмыс жасауда. Бөбекжай-бақшада логопед, психолог, музыка жетекшісі, дене тәрбиесі нұсқаушысы, АКТ кабинеті балаларды танымдық жағынан дамыту, білім, білік, дағды қалыптастыру мақсатында жұмыстар жасалуда. Топтарда оқу қызметтері жаңартылған білім беру мазмұны, АКТ технологиялары, «Тәй-тәй» технологиясы, В.Воскобовичтің «Ойын» технологиясы, ТРИЗ әдістемесі, Никитиннің «Ерте жастан дамытушы ойындары», «Интеллектум» ақыл-ой дамытушы ойындары, логопедиялық көп функционалды «Шхуна», «Лего» ойындары және тағыда басқа технологияларды қолдана отырып өткізіледі. Балалар қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Шахмат үйренеміз», «Би билейік дөңгелеп», «Біз көркем жазамыз», «Ертегілер елінде» тақырыптарында үйірме жұмыстары мен вариативті компоненттер өткізіледі.Мерекелік іс-шаралар мен ертеңгіліктер балалар көңіл күйлерін көтеру, қызығушылықтарын арттыру мақсатында жоғары деңгейлерде ұйымдастырылып отырады.









